Біз әлеуметтік желілердеміз

“Автобустардың санын арттырамыз”. Өскемендегі №33, №26, №250-ші маршруттардың мәселесі

Шығыс Қазақстан

“Автобустардың санын арттырамыз”. Өскемендегі №33, №26, №250-ші маршруттардың мәселесі

“Автобустардың санын арттырамыз”. Өскемендегі №33, №26, №250-ші маршруттардың мәселесі

Қаладағы Жолаушылар тасымалын басқару орталығында жағдайды реттеуге уәде берді

Өскемен қаласындағы Үлбі кентінің  тұрғындары таңертең жұмысқа жете алмай жүр. Жолаушылар №33, №26, №250 маршруттарға наразы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз үшін қоғамдық көлікпен жұмысқа уақытында келу қиын мәселеге айналды. Автобустар барлық адамдарды соңғы аялдамада жинап алады да, «Үлбі» аялдамасының жанынан өтіп кетеді. Себебі түрегеп тұруға да орын жоқ, – деп жазды тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде.

Қаладағы Жолаушылар тасымалын басқару орталығында жағдайды реттеуге уәде берді.

– Біз жолаушылардың жағдайын біліп отырмыз. Бұл мәселені шешудің бірнеше тәсілі бар. Не аталмыш ауданға сыйымдылығы үлкен автобустарды жібереміз, не қоғамдық көліктердің санын арттырамыз, – дейді Жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Ернар Мұстафин.

Оның айтуынша, жолаушылар тек таңертең және кешке сыймай қалады. Ал күні бойы қоғамдық көліктер бос барып, бос қайтады деуге болады дейді Ернар Мұстафин.

– Сондықтан тасымалдаушыларды таңертең және кешке автобустар санын арттыруға көндіруді жоспарлап отырмыз – дейді ол.
Орталық басшысы жағдайды бақылауда ұстайтынын айтты.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары