Біз әлеуметтік желілердеміз

Қазақстандық мұғалімдерге 300 мың теңге жалақы беру ұсынылды

Білім

Қазақстандық мұғалімдерге 300 мың теңге жалақы беру ұсынылды

Қазақстандық мұғалімдерге 300 мың теңге жалақы беру ұсынылды

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева айтты

Мұғалімдер 300 мың теңгеден кем алмауы керек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Біз қазір педагогтардың жалақысын есептеу кезінде қолданылатын базалық индикаторды, яғни базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ) «ең төменгі күнкөріс деңгейі» немесе «ең төменгі жалақы» көрсеткішіне ауыстыруды ұсынамыз. Егер БЛЖ-ны осы көрсеткіштерге ауыстыратын болсақ, біздің педагогтеріміздің еңбекақысы бірнеше есе артады, – деді Айгүл Мұқашева.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда педагогикалық салада креативті жас мамандар тапшы.

– Біздің ұстаздарымыз жақсы жұмыс істеуі үшін жалақысы 300 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. Бұл мұғалім мамандығына деген жастардың қызығушылығын артырады, өйткені қазір жалақының төмендігінен көпшілігі аталмыш мамандыққа бармайды, – деп есептейді Айгүл Мұқашева.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары