Біз әлеуметтік желілердеміз

Катонқарағайдағы Ұлттық медицина орталығына қытайлық емшілер шақырылады

Шекаралас

Катонқарағайдағы Ұлттық медицина орталығына қытайлық емшілер шақырылады

Вэй Чжан

Катонқарағайдағы Ұлттық медицина орталығына қытайлық емшілер шақырылады

Екі тараптың байланыстар аумағы түрлі бағыттарды қамтиды

Бүгін аймақ басшысы Даниал Ахметов Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Вэй Чжан мырзаны қабылдады. Іскерлік кездесу барысында тараптар екіжақтты сауда-экономикалық, білім беру-мәдени байланыстарды талқыға салды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бас консулға Пекин қаласындағы Саммитте Еуропалық қайта құру және даму банкімен 17,5 миллиард теңгенің несиесін алу шарты жасалып, аталмыш қаржыға облыстың Жарма ауданында қуаты 25 мегаваттық күн электр стансасы салынып жатқанын жеткізді. Өңір басшысы, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан мен Қытайдың көршілес Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы арасында тығыз әріптестік орнатылғанын атап өтіп, былтыр сол өңірде облыс делегациясының болғанын, енді жуырда ол жақтан іскерлік топ келетінін айтты. Екіжақты бизнес жоспарлар бойынша арнайы жұмыс картасы да әзірленген.

Өңірде ҮМЗ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірлесе томографтарға арналған жоғары өткізгіш сымдар шығару жобасын қолға алған. Қытай тарабы осы жобаға қызығушылық танытып отыр.

Екі тараптың байланыстар аумағы түрлі бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ, қытайлықтар облыс аумағында жол салуда. Құрылыс жүріп жатқан аудандар әкімдеріне жолшыларға концерттер ұйымдастыру, мәдени байланыс орнату жүктелген. Сондай-ақ, аграрлық сала бойынша Бесқарағай ауданында қытайлық компания 4 миллион АҚШ доллары тұратын жобаны іске асыруда. Катонқарағай ауданында ашылатын Ұлттық медицина орталығына қытайлық емшілерді шақырылмақ. Бұл – денсаулдық сақтау саласындағы өзара тиімді серіктестік. Сауда-саттық жөнінен Қытай стандарттарына сәйкестікті растау зертханасының құрылысы аяқталуға тақау. Біздің жақ Аспан асты елінен тиісті құрал-жабдықтардың келуін күтуде. Екіжақты байланыстардың бір саласы – туризм. Қазір облыс қытайлық туристерге аймақта үш күнге шекті визасыз жүру құқығын беру мәселесімен шұғылдануда. Мәселе оң шешілсе, Шығыстағы көршімізден келуші туристер легі еселеп артпақ. Ал, бұл – облыс қазынасына құйылатын қосымша қаржы. Аймақ басшысы осы ретте бас консулға Алакөлдің шипалы суы туралы айтып берді.

– Кеңес одағы кезінде ғарышкерлер осы көлге түсіп сауығатын. Көлдің суы родонға өте бай. Жазда келсеңіз, Сізді өзім апарып, демалыс аумағын көрсетемін, – деді аймақ басшысы риязсыз күліп.

Өз кезегінде бас консул облыс басшылығына көрсеткен қонақжайлықтары үшін алғысын білдіріп, «далада қыс болса да жанымыз жылып қалды» деді.

– Мақсатым – осында өтетін Қытай мәдени көрмесіне қатысу. Атап өтерлік жайт, екі елдің және екі өңірдің – Шығыс Қазақстан мен Шыңжаңның ынтымақтастығы тек қана өркендей бермек. Оған екі ел үкіметі де аса мүдделі, – деген бас консул екі ел ректорларының диалог алаңын өткізіп, Қазақстан мен Қытай университеттері альянсын құру идесясын ұсынды. Осы іске өңірдегі іргелі оқу ордалары – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ тартылмақ. Жоспарда, сонымен қатар, студенттермен алмасу, өңірімізде Конфуций институтын ашу да бар.

Осы және өзге де екі жақты қарым-қатынастар кездесуде жан-жақты талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары