Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-ның Риддер қаласында 12 гектар аумағы бар жылыжай салынады

Шығыс Қазақстан

ШҚО-ның Риддер қаласында 12 гектар аумағы бар жылыжай салынады

ШҚО-ның Риддер қаласында 12 гектар аумағы бар жылыжай салынады

Инвестицияның жалпы көлемі 12 миллиард теңгені құрайды, – дейді қала басшысы Жомарт Мұратов.

Риддерде көкөніс өсіру үшін үлкен жылыжай салу жоспарлануда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қала әкімі Жомарт Мұратовтың мәлімдеуінше, аталмыш идеяны Риддер ЖЭО-ның жаңа иелері ұсынған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының барысы талқылануда. Қала басшысы бұл ретте сапаға көп көңіл бөлу керектігін алға тартты. Тартылатын инвестиция көлемі де айтарлықтай екен.

– Жылыжай жобасын голландиялықтар жасап жатыр. Құрылыс жабдықтары да аталмыш елдікі. Инвестицияның жалпы көлемі 12 миллиард теңгені құрайды. «Көкөніс курортының» жалпы аумағы он екі гектар – алты гектар қиярға, алты гектар қызанаққа бөлінеді. Жылыжай кешенінде екі жүз адам жұмыс істейтін болады. Алайда, әзірге құрылыстың басталуы туралы сөз болған жоқ, жоба әлі де талқылау сатысында, – деді Жомарт Мұратов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары