Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемен полицейлері тұрғындардың жарты миллион теңгесін «сыпырып алған» 14 интернет-қылмыстың бетін ашты

Қылмыс

зардап шегушілер – өскемендіктер, ал зиянкестер – басқа қала-аудандардың тұрғындары болып шықты

Өскемен полицейлері тұрғындардың жарты миллион теңгесін «сыпырып алған» 14 интернет-қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл-жақында өткен «Hi-Tech» жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесі.

Бұл ретте зардап шегушілер – өскемендіктер, ал зиянкестер – басқа қала-аудандардың тұрғындары болып шықты.

Алданған тұрғындардың бірі интернет арқылы киім-кешек сатып алғысы келсе, бәз біреулер автомобиль бөлшектерін интернет арқылы сатпақ болып, сан соғып қалған. Пәтерге тапсырыс беремін деп және интимдік қызметке құнығып, құм қапқандар да бар арасында. Алаяқтар қаражатты алдын ала төлем терминалдары арқылы аударуды талап еткен. (Olimp.kz, Kiwi-кошелек, Kaspi Gold).

Қазіргі уақытта қылмыскерлерге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары