Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейдегі өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтып, желілерде таратуда

Мереке

Семейдегі өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтып, желілерде таратуда

Семейдегі өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтып, желілерде таратуда

Акцияның ережесі қарапайым, бір этномәдени бірлестік видео арқылы алғысын білдіріп, әлеуметтік желі арқылы таратады. Эстафетаны келесі этномәдени бірлестікке жолдайды.

Семейде алғыс айту күні қарсаңында «Мен қазақ халқына алғыс айтамын» акциясы басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында айтылды. Акцияға қалалық жастар ресурстық орталығы бастамашы болған.

Акцияның ережесі қарапайым, бір этномәдени бірлестік видео арқылы алғысын білдіріп, әлеуметтік желі арқылы таратады. Эстафетаны келесі этномәдени бірлестікке жолдайды.

– Акция осы аптадан басталып кетті. Жастар жылында аталмыш акцияға этномәдени бірлестіктердің жастары қатысады. Бұл бастаманы барлығы қолдайды деп сенеміз, – дейді жастар орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай.

Ұйымдастырушылар акцияның қала ішінде ғана қалып қоймай, бүкіл республикаға таралатынына сенеді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары