Біз әлеуметтік желілердеміз

Қазақстандық банкноттар мен монеталарда жазу мемлекеттік тілде ғана жазылатын болды

Қазақстан

Қазақстандық банкноттар мен монеталарда жазу мемлекеттік тілде ғана жазылатын болды

Қазақстандық банкноттар мен монеталарда жазу мемлекеттік тілде ғана жазылатын болды

ҚР Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі жарлығы өз күшін жоғалтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 12 желтоқсанында «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесi банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекiту туралы» жарлық шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш тұжырымдама бойынша, банкноттар мен монеталар дизайнының мiндеттi элементтерi: 1) ұлттық валютадағы номиналдың цифрмен не әріппен белгiленуi; 2) түпнұсқалығын айқындауға мүмкiндiк беретiн және қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететiн элементтер; 3) шығарушы елдің ресми атауы; 4) ) ҚР мемлекеттік Елтаңбасы.

Қосымша элементтері: банкноттарда дизайнның бекiтiлген жылы және монеталарда – соғылған жылы.

Банкноттар мен монеталар дизайны мынадай бейнелердiң бiрiнен және/немесе бiрнешеуiнен тұруға тиiс: 1) қазақтың ою-өрнегi немесе оның құрамдас бөлiктерi; 2) Қазақстанның тарихына және дамуына үлес қосқан аса көрнектi қайраткерлердiң портреттерi; 3) Қазақстан аумағындағы бiрегей тарихи, географиялық орындардың және сәулет ескерткіштерiнiң көрiнiсi немесе олардың үзiктерi; 4) мемлекеттiк және халықаралық маңызы бар оқиғаларға арналған бейнелер; 5) Қазақстан флорасы мен фаунасының сирек кездесетiн түрлерi; 6) Қазақстанның тарихына, мемлекеттілiгiне, саясатына, құқығына, экономикасына, ғылымына, бiлiмiне, мәдениетiне, өнерiне, спортына, дамуына байланысты өзге де бейнелер; 7) әлемдік құндылықтар, игіліктер, тарих пен мәдениетке байланысты бейнелер; 8) ҚР Ұлттық банкінің тауарлық белгісі; 9) басқа да цифрлық және әріптік жазулар.

Банкноттар мен монеталардағы жазулар мемлекеттік тілде рәсімделеді. Коллекциялық және инвестициялық монеталар дизайнында шет тілдердегі жазуды пайдалануға рұқсат етіледі.

ҚР Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі жарлығы өз күшін жоғалтты. Бұрыңғы жарлыққа сәйкес банкноттар мен монеталардағы жазу мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуге тиіс болатын.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары