Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде ет өңдеу цехынан жарты центнер ет ұрлаған жұмысшы ұсталды

Заңды белден басып

Өскеменде ет өңдеу цехынан жарты центнер ет ұрлаған жұмысшы ұсталды

Өскеменде ет өңдеу цехынан жарты центнер ет ұрлаған жұмысшы ұсталды

Сот материалдары бойынша

Өскемендегі ет өңдеу цехының жұмысшысы салмағы жарты центнер болатын шошқа етін ұрламақ болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

Мұндай қадамға ол қызының қаржылық мәселелерін шешіп беру үшін барғанын айтады. Алайда бауыр еті баласының қамын ойлаған әйелдің әрекетін әріптестері байқап қойған екен.

Бұл оқиғаның анық-қанығы Өскемен № 2 қалалық сотының материалдарында баяндалады.

Анықталғандай, әйел адам ет өңдеу цехына осыдан үш жыл бұрын жұмысқа тұрған. Ұжымдастарының айтуынша, қаржы жағынан қысылып жүрген адамға ұқсамайтын. Өзінің жеке көлігі де бар екен.

Қоймаға еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған ол он келілік ет салынған қапты киімінің арасына жасырып, алып шығып кеткен. Ұрланған етті көліген салған соң, осы әрекетін тағы бес рет қайталапты. Цехтан жымқырған 60 келі еттің бағасы шамамен жүз мың теңгені құрайды.

Алайда бұл әрекеттері байқаусыз қалмаған екен. Жұмысшылардың бірі сезіктеніп, цехтың басшысына бірден хабар береді. Бейнебақылау камераларындағы жазба арқылы әйелдің ұрлығы ашылып отыр.

Өз кінәсін толық мойындаған айыпталушыға сот шешімі бойынша алты ай бас бостандығын шектеу және елі сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол 36 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары