Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде шатырдан құлаған қар көліктерді зақымдады (фото)

Оқиғалар

Өскеменде шатырдан құлаған қар көліктерді зақымдады (фото)

Фото: osa_uka_vko

Өскеменде шатырдан құлаған қар көліктерді зақымдады (фото)

20 ақпанда

Қаланың бірнеше ауданындағы тұрғын үйлердің шатарынан қар құлап, ауладағы көліктерді зақымдап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

20 ақпан күні сол жақ жағалаудағы тұрғын үй кешенінде шатырдан құлап түскен қар аулада тұрған төрт көлікті зақымдады. Оқиға Халықтар Достығы көшесі, 2/2 мекен-жайы бойынша үйде түнгі уақытта сағат 22.00 мен 23.00 шамасында болған.

Көлік иелері полицияға шағымданды. Оларға сотқа арыздануға кеңес беріліп отыр. Алайда бұл оқиғаға жауапты компания тұрғындарды алдын ала ескертіп, тіпті, үйдің маңын да қоршап қойған екен.

Дәл осы күні қаланың басқа ауданында ұқсас жағдай болды. Протозанов көшесі, 33 мекен-жайындағы тұрғын үйде шатырдан құлаған қар ауладағы көліктің әйнегін сындырып кетіпті.

Зақымданған көліктердің фотосуреттері әлеуметтік желідегі osa_uka_vko парақшасында жарияланып отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары