Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде ұзақ жылдар бойы қаңырап қалған ғимараттың тағдыры шешіледі

Өскемен

Өскеменде ұзақ жылдар бойы қаңырап қалған ғимараттың тағдыры шешіледі

Фото автордыкі

Өскеменде ұзақ жылдар бойы қаңырап қалған ғимараттың тағдыры шешіледі

Бұл құрылыс 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Илияс Есенберлин даңғылының бойынан тұрғызылған

Өскеменнің Сол жақ жағалау ауданында бой көтеріп, ізінше қаңырап бос қалған аса ірі құрылыстың тағдыры шешілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл құрылыс 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бастамасымен Илияс Есенберлин даңғылының бойынан тұрғызылған. Мұнда машина жасау саласының мамандарын даярлау бойынша аймақаралық орталық ашылуға тиіс болатын. Қазір ғимарат жартылай құлап, тоза бастады. Алайда құны төрт миллиардтық жобаның бастамашылары мемлекеттік қаражатты ысырап қылып, сотқа тартылған еді. Сол кезден бері құрылысы толық аяқталмаған ғимарат қаңырап бос қалды.

Ғимараттың тағдыры жайлы қала әкімі Жақсылық Омар есептік кездесулердің бірінде мәлім етті.

Ұзақ уақыт озып тұрған ғимаратты қала әкімдігі пайдалана алмады. Себебі, ол Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінде болатын. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап құрылыс Өскемен әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтіп отыр.

Шаһар басшысының айтуынша, аталмыш ғимаратқа қатысты бірнеше жоба бар екен. Біреулер Жастар сарайы немесе Оқушылар сарайын орналастыруды ұсынып отыр. Мектеп-интернатқа беру туралы да идея бар көрінеді.

-Әлеуметтік бағыттағы нысан болады. Қазір біз жобаларды ойластырып жатырмыз. Бұдан кейін жоба облыс әкімдігінің қарауына жіберіледі. Наурызға дейін осы мәселе шешімін табады деп ойлаймын. Ары қарай оған қаржы бөлу бойынша жұмыс істейміз, – дейді Жақсылық Омар.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары