Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде тауықтың жасанды жұмыртқалары сатылып жатыр ма? – видео

Өскемен

Өскеменде тауықтың жасанды жұмыртқалары сатылып жатыр ма? – видео

Шартты сурет

Өскеменде тауықтың жасанды жұмыртқалары сатылып жатыр ма? – видео

Сатып алғанда, абай болыңыздар

Сыртқы пішіні «бір түрлі» жұмыртқалар ШҚО-да сатылымға шыққан көрінеді. Бұл туралы қазір әлеуметтік желілердің барлығында таралып жатқан бейнежазбаның авторы айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Бүгін жұмыста Қытайда пластмассадан жасалған жұмыртқаларды көрсеткен болатын. Олар енді Қазақстанда да сатыла бастапты. Бұл жұмыртқалар «ванька-встанька» секілді үстелдің үстінде тоқтамайды. Жұмыртқаға мөр басылған. Пісіргенде ағарып кетеді екен. Сатып алғанда, абай болыңыздар, – дейді бейнежазба авторы.

Бұған ұқсас видео Қырғызстан елінің әлеуметтік желілерінде тарала бастаған еді. Онда жергілікті тұрғын базардан сарысы резеңкеге ұқсас жасанды жұмыртқа сатып алғаны туралы айтады.

Өскеменде түсірілген бейнежазбаның авторы бұл жұмыртқаларды нақты қайда алғаны туралы тіс жармаған. Видеоны көрген Өскемен тұрғындары гельден жасалған жұмыртқаны сауда орындарынан іздепті.  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да жасанды жұмыртқаларды анықтау үшін арнайы рейдке шықты. Рейд Мызы көшесі, “Береке” базары және  “Үлбі Кешені” сауда орындарында жүргізілген екен. Алайда «бір түрлі» жұмыртқаларды әзірше ешкім таба алмай отыр.

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары