Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік ефрейтор жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты

Шығыс Қазақстан

Семейлік ефрейтор жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты

Қуандық Қанатов. Сурет әлеуметтік желіден алынды.

Семейлік ефрейтор жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты

ШҚО-да әскери қызметкер жанып жатқан үйден 15 адамды алып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өткен түнде Семей қаласында 5 қабатты жатақхана өртенді. Аталмыш жатақхананың тұрғыны, 35411 әскери бөлімінің ефрейторы Қуандық Қанатов құтқарушылар жеткенше, адамдардың сыртқа шығуына бір кісідей жәрдемдесіпті. Жанып жатқан отқа жалаң қолмен кірген батыл жігіт жатақхананың он бес шақты тұрғынын тысқа шығарып үлгерген екен.

Содан кейін өрт сөндірушілер келіп, 79 адамды эвакуациялап, ғимараттағы жалынды сөндіруге кіріскен. Тағы 162 тұрғын далаға өз бетімен шыққан.

Қуандық Қанатов өзінің көрсеткен көмегі жайында ешкімге  тіс жара қоймаған көрінеді. Алайда әскери қызметкерге ризашылығын білдіргісі келген тұрғындар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылығына батыл жігіттің ерлігі жайында айтып, оны марапаттауға өтініш жолдапты.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары