Біз әлеуметтік желілердеміз

“Үржарлық сәуегей әйел” – Астанада ерекше көрме ашылды

Мәдениет

“Үржарлық сәуегей әйел” – Астанада ерекше көрме ашылды

“Үржарлық сәуегей әйел” – Астанада ерекше көрме ашылды

Астанадағы Ұлттық музейдің 5 жылдық мерейтойына орай «Үржарлық сәуегей әйел мен қайта оралған қазыналар: консервациялау мен қайта қалпына келтіру қорытындылары» атты көрме ашылды. Көрмеде археологтардың 6 жыл бұрын Шығыс Қазақстанға жүргізген экспедициясы барысында табылған жәдігерлер қойылған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Тенгриньюс сайтына сілтеме беріп.

Бұл суретші-реставратор Қырым Алтынбеков қалпына келтірген сәуегей әйел. Төмендегі сәуегей әйелдің сүйегінің қалдықтары. Ғалымдардың дәлелдеуінше, ол біздің дәуірімізге дейінгі IV-ІІІ ғасырларда өмір сүрген.

– Қазба жұмысын 2013 жылы Үржар ауданы Лайбұлақ ауылының маңында жүргізгенбіз. Сонда саркофаг таптық. Сенесіз бе, табыттың ішіне топырақ түсіп, бүлінбепті. Ескі қорғандарды ашуда мұндай жағдай өте сирек. Табыттың ішіндегі мүрденің жас әйелдікі екендігін анықтады, – деді сол кездегі экспедицияның жетекшісі Тимур Смағұлов.

– Әйелдің жанынан тамақ пен дәрі-дәрмектің қалдығы қалған ыдыстар табылды. Ал басындағы қалдықтарға қарап, алтын тәж кигендігін анықтадық.  Біз, әлбетте, Тарбағатай тауында мыңдаған жылдар бұрын өмір кешкен әйелдің кім екенін білмейміз. Бірақ оны “Үржар ханшайымы” деп атадық, – деді Тимур Смағұлов.

Суретші-реставтратор Қырым Алтынбековтің пікірінше, әйел көнеден келе жатқан медицина ілімін жалғастырушы емші болған.

– Қалдықтарды зерттеуді бастағанда әйелдің сол қолында әлдебір тоқыма мата болған деп ойладық. Кейін оның гүлсіз өсімдік екендігін білдік. Бұрымын гүл қосып өріпті. Басындағы тәжі де гүлмен көмкеріліпті. Тәжі жай ғана тәж емес. Тиара. Мәртебелі әйел болғандығын айғақтайды. Жасы, шамамен, 18-25 аралығында. Неден қаза болғанын тап басып айта алмадық, – деді суретші-реставратор.

Археологтар қазба орнынан тұрмыстық қалдықтардың көптеп табылғандығын айтады.

– Керамика қазанды бұзылған күйі қалдырдық. Көрермендер табылған күйінде көрсін дедік. Қазанның жанынан арқардың қозықасы да табылды, – деді археолог Тимур Смағұлов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары