Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да иіс тиіп уланған балалардың әкесіне айыппұл салынды

Оқиғалар

ШҚО-да иіс тиіп уланған балалардың әкесіне айыппұл салынды

ШҚО-да иіс тиіп уланған балалардың әкесіне айыппұл салынды

Бұл туралы ШҚО ТЖД мәлімдейді

10 ақпан күні Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында 13 және 16 жастағы екі жасөспірім балаға иіс тиіп, уланды. Олар аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тексеру барысында отағасы пештің түтіндігін өткен жылдың көктемінде тазалағаны анықталып отыр. Жиналып қалған ыстың салдарынан балаларына иіс тиіпті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін зардап шеккен екі баланың әкесі әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Айта кетсек, жансақтау бөліміне түскен балалардың жағдайы қазір жақсарып қалған екен.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары