Біз әлеуметтік желілердеміз

Ұлттық халық санағы 2020 жылға қалдырылды

Шығыс Қазақстан

Ұлттық халық санағы 2020 жылға қалдырылды

Ұлттық халық санағы 2020 жылға қалдырылды

Ұлттық халық санағы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

2019 жылға жоспарланған Қазақстан халқының санағы 2020 жылға ауыстырылып отыр. Үкімет қаулысына сәйкес республика азаматтарының санағы әрбір он жыл сайын жүргізілуі тиіс. Соңғы санақ 2009 жылы өткен болатын.

Естеріңізде болса, өткен жылдың қыркүйегінде Экономика министрі Тимур Сүлейменов 2019 жылы санақ екі кезеңде, электронды форматта өтеді деп мәлімдеген еді. Санақ жүргізуге бюджеттен 8,8 миллиард теңге (шамамен 22 миллион доллар) бөлінгенін де айта кетейік.

Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, халықаралық методологияға сәйкес санақ жүргізудің ең оңтайлы мерзімдері күзгі-қысқы маусым.

– Осыған байланысты санақ жүргізудің ең қолайлы мерзімі ақпан-наурыз болып есептеледі. Ұлттық санақты өткізуге байланысты бірқатар ұйымдастырушылық және нұсқаулық жұмыстарды ескере отырып, 2020 жылдың басында Қазақстан халқының ұлттық санағын өткізу туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады Статистика комитеті.

2020 жылы халық санағы 5 ақпан-5 наурыз аралығында өтеді деп жоспарлануда.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары