Біз әлеуметтік желілердеміз

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» ойсырата жеңді

Спорт

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» ойсырата жеңді

«Алтай» «Ертіс-Қазхромды» ойсырата жеңді

Өскеменде өтіп жатқан волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының төртінші тур ойындары аясында павлодарлық «Ертіс-Қазхроммен» кездескен «Алтай» 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Үш партияға созылған кездесудің кезеңдері 25:18, 25:14, 25:15 есебімен өскемендік команданың пайдасына аяқталды. Бұл Юрий Панченко шәкірттерінің биылғы маусымдағы 21-ші жеңісі екенін айта кеткен жөн. Осыдан бір күн бұрын алтайлық арулар басты қарсыласы саналатын талдықорғандық «Жетісуды» да тізе бүктірген болатын, есеп 3:1.

Айта кетейік, «Ертіс-Қазхром» қазір турнир кестесінің үшінші сатысында орналасуда. Оның қоржынында 53 ұпай бар. Ал «Алтай» 64 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр.

Бұл күні өткен қалған ойындарда «Алтай-2» «Астанадан» (3:0, партиялардағы есеп 25:12, 25:22, 25:16), «Алматы» «Қуаныштан» (3:0), ал «Жетісу» «Қарағандыдан» (3:0) басым түсті.
Бүгін жарыста бір күндік үзіліс. Ал ертең «Алтай» өзінің клубтастары «Алтай-2» ойыншыларымен шеберлік байқасады. Аталмыш кездесу кешкі сағат 19:00-де басталмақ.

Естеріңізге салайық, волейболдан Ұлттық лига командалары арасындағы ел чемпионатының төртінші тур ойындары Өскемендегі Жекпе-жек сарайында өтуде. Волейбол бәсекесі 13-ақпан, сәрсенбі күні аяқталады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары