Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейдегі «Динамо» стадионының орнына ойын-сауық орталығы салынады

Шығыс Қазақстан

Семейдегі «Динамо» стадионының орнына ойын-сауық орталығы салынады

Ермак Салимов

Семейдегі «Динамо» стадионының орнына ойын-сауық орталығы салынады

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтың халық алдында есеп беру жиналысына қатысқан облыс әкімі Даниал Ахметов қаланың дамуына оң баға беретіндігін айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Сіздердің алдарыңызда міне, жарты сағат сөйлейтін сөздерімді алып келіп отырсам да, уақыттарыңызды ескеріп, өздеріңіздің ғана өтініштеріңізді, сондай-ақ әкімнің дамуы есебін тыңдауды жөн көріп отырмын» деді Даниал Кенжетайұлы.

Ермак Сәлімов 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, шағын және орта бизнес саласындағы жетістіктердің молдығына тоқталды. Жеке кәсіпкерлердің жұмыс істейтін кәсіпорындары саны арта түскен. Шамамен алғанда 20,9 бірлік деуге болады. Өткен 2017 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,8 мың бірлікке артық. Егер ШҚО бойынша алып қарасақ, Семейде әр төртінші адам кәсіпкер екендігі рас.

Жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындары 2 189 орын десек, бұл да кәсіпкерліктің игілігі. Қаланың бюджетіне кіріс беретін де экономиканың осы саласы. 2018 жылы Семейде салық салымы 15,1 млрд теңгені құраса, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 146 пайызға артып отыр. Кәсіпкерлердің бастамасы мемлекеттік бағдарламаларға де септігін тигізеді. 2018 жылы «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша және «Ақ ниет» бағдарламасы бойынша Семейде 98 жоба 1,7 млрд теңгеге орындалған. Қала басшысының есебінде айтылғандай, Семейде орта және шағын бизнесті негізінен жеке сауда орындары алып тұр, оның ішінде 1 489 сауда нысандары халықты жұмыспен қамтуда. Ең ірі деген 13 базар және 64 сауда орталығы бар. 11 супер маркетте 12 мың адам күн сайын сауда жасайды. Сондықтан жылына 220,3 млрд теңге жеке сауда айналымынан түсіп отыр. Келер жылы бұны 235 млрд теңгеге өсірмекпіз, деді Ермек Сәлімов.

Бағаны тұрақтандыру және халыққа қол жетімді қылу үшін Семейдің кәсіпкерлік бөлімі 184 сауда орындарымен әлеуметтік азық-түлікке бағаны тұрақты ұстау жөнінде меморандумға қол қойған. Және 2018-2019 жылдары қаладағы 43 сауда дүкендерінде көкөніс пен картоп килограмына 72 теңге болса, қант 240 теңгеден саудалануда.

-Жақын арада «Ертіс»ӘКК арқылы жергілікті атқару орыны 20 жер телімін жеке сауда дүңгіршегін ашу үшін бөледі, сол жерде тұрақтандыру қорының тауарларын саудаға шығарамыз. Бұл халық ішін аса тиімді,-деді қала әкімі Ермак Сәлімов. Бұрынғы «Динамо»стадионының орнына алдағы уақытта кәсіпкер азамат сауда-ойын сауық орталығын салғалы отыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары