Біз әлеуметтік желілердеміз

Елбасы әкімдерді Шығыс Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

Шығыс Қазақстан

Елбасы әкімдерді Шығыс Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

Елбасы әкімдерді Шығыс Қазақстаннан үлгі алуға шақырды

Бұл туралы Елбасы бүгін өткен кеңейтілген үкімет отырысында мәлімдеді

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аймақ әкімдерін Шығыс Қазақстан облысынан үлгі алуға шақырды. ШҚО-да Назарбаев зияткерлік мектебінің стандарттарына сай жабдықталып, толық жасақталған 277 мектеп бар екен. Бұл туралы Елбасы  бүгін өткен кеңейтілген үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі matritca.kz сайтына сілтеме жасап.

-Бұл мектептерде бірден білім сапасы жоғарылады. Әкімдерге аталған үлгі бойынша жұмыс жүргізуді тапсырамын. Олар қарауындағы аймақта тәртіп пен адамдардың қанағаттылығын қамтамасыз етуге тиіс. Барлық мектептерді толыққанды интернетпен, сондай-ақ, мектеп көлігімен қамтамасыз ету қажет, – деді президент.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мұғалімдердің еңбекақыларының көтерілгені туралы мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, 200 мың мұғалімнің еңбекақысы 30%-ға, 34 мың мұғалімнің еңбекақысы 50 пайызға көтерілген екен.

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары