Біз әлеуметтік желілердеміз

Зайсанда өтетін 130 шақырымдық бәйгенің шарттары

Рухани Жаңғыру

Зайсанда өтетін 130 шақырымдық бәйгенің шарттары

Зайсанда өтетін 130 шақырымдық бәйгенің шарттары

Толық ақпаратты мына телефон нөмірінен алуға болады. 8775-771-10-55

ШҚО Зайсан ауданында 130 шақырымдық бәйге өтеді. Бас жүлдеге әзірге 1 миллион теңге тігіледі деп жоспарланған, жүлде көлемі әлі де өсуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аламан бәйге  2019 жылдың  10 наурызына жоспарланып отыр.

– Бұндай бәйге бірінші рет өткелі отыр. Бір жағынан сынақ ретінде байқап көреміз. Сәтті шықса, келер жылы ауқымды, әлдеқайда ұйымдасқан түрде өтетін болады, – дейді бұл істің басы-қасында жүрген,жергілікті кәсіпкер азамат Қайрат Тоқтасынұлы.

Айтқанымыздай, ауылдағы ағайын бірлесіп, үлкен іс атқармақ. Жүлде қорын да көптеп-көмектеп жинаймыз деп отыр. Ат санына байланысты 7-ші  орынға дейін қомақты жүлделер  тігілетінін айтады. Зайсанның Қарабұлағының жұрты Елбасы мақаласындағы «атқа міну мәдениеті» туралы ой-түйіннен кейін, осындай бастамаға бел буып кіріскен көрінеді. Сондай-ақ Қайрат Тоқтасынұлының айтуынша, жуық арада өңірде Бәйге федерациясының филиалы құрылуы мүмкін.

Енді бәсі бөлек бәйгенің жайна келейік. Қазірдің өзінде бәйгеге қатысамыз деген 30 шақты ат тұр дейді ұйымдастырушылар. Шабандоздар Зайсанның Қарабұлақ ауылынан, Тарбағатайды Қабанбай ауылына дейін  барып қайта келуі керек. Бұл жерде шауып бара ма, желіп немесе аяңдап бара ма ерік өздерінде.  Мақсат  – 130 шақырымды тоқтамай жүріп өту және озу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге жолы қатаң бақыланып, жолға жедел жәрдем қызметтері қойылады.

«Жылқының қазанаты мен жігіттің азаматы» сынға түсетін жарыста шабандоз ауыстыруға болмайды. Шын мәнінде 130 шақырым аз қашықтық емес. Күн райының қалай болары да белгісіз. Дегенмен ат немесе шабандоз шаршап қалса, бәйгеден шеттетіледі. Сол себепті шабандоздың жасы 18-ден асуы тиіс деген шарт қойып отыр атқұмар қауым.

Толық ақпаратты мына телефон нөмірінен алуға болады. 8775-771-10-55

 

 

 

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары