Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде қардың бетін қара күйе басып кетті

Экология

Семейде қардың бетін қара күйе басып кетті

Семейде қардың бетін қара күйе басып кетті

Тұрғындардың сөзіне сенсек, үйге таяу маңда жылу электр орталығы бар.

Семей тұрғындары қардың қара түсті болып кеткеніне наразы. Ақ ұлпаны қап-қара күйе немесе ыс басып қалған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі түсірген бейнеролик тарады. Кадрдан көрініп тұр, көпқабатты үйдің маңындағы қардың беті қап-қара. Тиіп кетсең, үсті-басың күйе болып шыға келеді дейді тұрғындар. Олардың айтуынша көмірдің күйесі ауладан бастап, үй подъезіне дейін кіріп жатыр. Семейліктер балаларымыз далаға шығып ойнаудан қалды деп қамығуда.

Тұрғындардың сөзіне сенсек, үйге таяу маңда жылу электр орталығы бар. Айналаның ластануына аталмыш орталықтың қатысы болуы мүмкін деп ойлайды қалалықтар.

 

 

 

 

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары