Біз әлеуметтік желілердеміз

Бородулиха ауданында мектеп түлектерінің 60 пайызы ҰБТ тапсырмаған

Білім

Бородулиха ауданында мектеп түлектерінің 60 пайызы ҰБТ тапсырмаған

Бородулиха ауданында мектеп түлектерінің 60 пайызы ҰБТ тапсырмаған

Бұл жағдай облыс басшысының орынды наразылығын тудырды

Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметовтің Бородулиха ауданына жасаған іссапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, өткен жылдың қараша айында ауданда жұмыс сапарымен болған өңір басшысы кент тұрғындарының өзіне жолдаған көптеген өтінішіне байланысты келесі жолы міндетті түрде жезкенттіктермен жеке кездесу өткізетіндігін айтқан болатын. Соған орай, бұл жолы кентке арнайы ат басын бұрған облыс әкімі алдымен осындағы аурухана мен №1 мектеп-лицейдің тыныс-тіршілігімен танысты. Белгілі болғандай, денсаулық сақтау мекемесін заман талабына сай қайта жабдықтау қажет болса, білім ошағында берілетін білімнің сапасын арттыру қажет. Себебі, былтыр мектеп бітірген 32 түлектің 18-і ҰБТ-ға қатыспаған әрі орташа бал да облыстық деңгейден төмен. Бұл жағдай облыс басшысының орынды наразылығын тудырды.

– Әрине, бұл мектеп директорларына өз кемшіліктерін жасырып қалу үшін қолайлы. Бұл өте жаман. Оқушылар тестілеуге толық қатыспаған соң, берілген білімнің нақты сапасын анықтауға мүмкіншілік жоқ. Бородулиха ауданында мектеп түлектерінің 60 пайызы ҰБТ тапсырмаған. Енді бұдан былай мұндай келеңсіздіктерге жол берілмейді. Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен көрсеткіш көрсеткен мектептердің директорлары автоматты түрде қызметінен босатылатын болады, – деген Даниал Ахметов Бородулиха аудандық білім бөлімі басшысының, салаға жауапты аудан әкімі орынбасарының жұмысын сынға алды, кемшіліктерді қысқа мерзімде түзетуді тапсырды. Көрші Ресей Федерациясымен шекаралас жатқан аймақ болғандықтан, түлектердің өзіміздегі жоғары оқу орындарын таңдауы үшін мектеп-лицейде оқушыларға білім алуда барлық заманауи мүмкіндіктер жасалуы керектігін нықтап ескертті.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары