Біз әлеуметтік желілердеміз

Бородулихада басшылық мен халық арасында байланыс үзіліп қалған – ШҚО әкімі

Аудандар

Бородулихада басшылық мен халық арасында байланыс үзіліп қалған – ШҚО әкімі

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Бородулихада басшылық мен халық арасында байланыс үзіліп қалған – ШҚО әкімі

Аудан орталығы Бородулиха ауылында ұзақ жылдардан бері автобекеттің жоқтығы, тіпті оның құрылысы жақын уақыттағы жоспарда болмауы да ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысының назарынан тыс қалмады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Егер автобекеттің жоқтығы бұрын мәселе ретінде көтерілгенде, әлдеқашан қаржы бөлер едік қой. Мұндағы басшылар жайлы көліктермен жүруге әбден үйреніп алған, ал мыңдаған адамның қыста суықта, жазда ыстықта көшеде сарыла автобус тосатындығын мүлде ұмытқан. Бір сөзбен айтқанда аудан басшылары мен халық арасында байланыс баяғыда үзіліп қалған. Сондықтан, ауданның жаңа тағайындалған әкімі Ольга Булавкина осыған дейін қордаланған аталған мәселелерді толық шеше алады деп сенім білдіремін. Ал аудан әкімінің орынбасарына қысқа мерзім ішінде жұмысқа қайта бейімделуді тапсырамын. Олай болмаған жағдайда, оның қызметін басқа адам атқаратын болады. Бүгінгі тапсырмалардың нәтижесін алдағы мамыр айында қайта келіп тексеретін боламын, – деді Даниал Ахметов.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары