Біз әлеуметтік желілердеміз

Жезкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі жан басына 391 теңгені құрап келген

Аудандар

Жезкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі жан басына 391 теңгені құрап келген

Фото: Тілеубек Шаяхмет

Жезкентте тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі жан басына 391 теңгені құрап келген

Облыс әкімі аудан басшылығының сылбыр жұмысын сын тезіне алды

Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов өткен жылда барлық салалық көрсеткіштерді төмендетіп жіберген аудан басшылығының сылбыр жұмысын сын тезіне алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Өкінішке орай, Бородулиха ауданы үлкен мүмкіндіктерге ие бола отыра, барлық салада көш соңында келеді. Әсіресе, әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының қымбаттап кеткенін қалай түсінуге болады? Коммуналдық секторда да проблема шаш етектен. Кәсіпкерлікті дамыту тұралаған, сарып ауруы белең алған. Ол аздай, Жезкент кентінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифі жан басына 391 теңгені құрап келген, бұл облыстағы ең жоғарғы баға. Тіпті, Семейдің өзінде бұл қызмет адам басына 200 теңге болса, Өскеменде – 222 теңге. Егер кент тұрғындары уақытында орынды дабыл қақпағанда, бұл мәселе әлі де сол күйінде қалар еді. Қазір жағдай тұрақталды, – деді облыс басшысы.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары