Біз әлеуметтік желілердеміз

Тегін дәрі-дәрмек: 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді

Денсаулық сақтау

Тегін дәрі-дәрмек: 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді

Тегін дәрі-дәрмек: 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді

SMS жүйесі бар, ол арқылы емделуші тиісті дәріні уақытында алғаны немесе алмағаны туралы ақпарат бере алады.

Елімізде 2019 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектердің 90% сатып алынды. Дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы білу үшін 1439-ға қоңыр шалуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы «СК-Фармация» ЖШС басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.

– Келесі аптадан бастап дәрілер емханаларға түсе бастайды. Биыл жалпы сомасы 23 млрд теңгеге есептелген дәрі-дәрмек алынды. Сондықтан тегін дәрі бойынша тапшылық болмайды. Ендігі басты мәселе оның дұрыс жеткізілуі, – дейді Б.Шәріп.

Айта кету керек, тегін дәрілермен қамтамасыз ету бойынша 1439 байланыс орталығы жұмыс істейді. Ол арқылы кез-келген азамат дәрі-дәрмекті жеткізу мерзімі, көлемі және жоспарланған күні туралы ақпаратты ала алады. Сол сияқты SMS жүйесі бар, ол арқылы емделуші тиісті дәріні уақытында алғаны немесе алмағаны туралы ақпарат бере алады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары