Біз әлеуметтік желілердеміз

Жармалық жас боксшы халықаралық турнирде топ жарды

Спорт

Жармалық жас боксшы халықаралық турнирде топ жарды

Жармалық жас боксшы халықаралық турнирде топ жарды

Расул Рымжанов – Қалбатаудағы Маяков­ский орта мектебінің 6-сынып оқушысы

Жарма ауданының жас спортшысы Расул Рымжанов, Сидней олимпиадасының чемпионы Ерма­хан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.

Расул Рымжанов – Қалбатаудағы Маяков­ский орта мектебінің 6-сынып оқушысы. Ол боксты 2-ші сыныптан бастап серік етіп келеді. Сол уақыттан бері облыстық, республикалық жасөспірімдер арасындағы сайыстарда тек 1-ші орыннан көрініп жүр. Былтыр облыстың Аягөз, Ақсуат, Ұлан ау­дандарында өткен турнирлерде үздіктердің қатарынан көрініп, мамандардың оң бағасына ие болды. Әсіресе Сидней олимпиадасының чемпионы Ерма­хан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық тур­нирде, жекпе-жек жүргізудегі ерекше әдісімен есте қалды. Спортпен қатар жармалық жастың оқудағы жетістіктері де жаман емес. Жеке бапкері Бауыржан Көшкінбаев, шәкіртінен зор үміт күтетінін жасырмады. Десе де жұдырық түйістірудегі әдіс-айлаларды әлі де жетілдіре түсу керек екенін атады.

-Боксқа де­ген қызығушылым кішкентай кезімнен басталды. Осы спорттың әдіс-тәсілін үйретіп, түрлі жарыстарға жете­леп жүрген жаттықтырушыма алғысым шексіз. Бекзат пен Ермахан, Бақтияр мен Даниярдай мықты боксшы болу­ды армандаймын. Жетістіктерге жету үшін, табанды еңбек етіп үнемі жаттығып жүруді әдетіме айналдырамын. Спорт­пен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақ болуға шақыратынын туыстарым үнемі айтып жүреді. Келешекте еліміздің туын биіктен желбіретуді армандаймын,- дейді жас боксшы.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары