Біз әлеуметтік желілердеміз

Мұғалімдер 48 жаста зейнетке шығуы мүмкін

Қазақстан

Мұғалімдер 48 жаста зейнетке шығуы мүмкін

Мұғалімдер 48 жаста зейнетке шығуы мүмкін

Бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесе жеткілікті

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Қабимолдаева мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, заң жобасында педагогтардың кәсіби қызметтегі академиялық еркіндігі мен құқықтары да жазылған.

-30 жылдық жұмыс өтілі болған жағдайда бекітілген зейнет жасына жеткен педагог зейнеткерлікке шығады. Бұл ұсыныс та еліміздің барлық өңірлерінен дерлік келіп түсті”, – деді ол.

Жоғары оқу орындарында оқыған 4-5 жыл еңбек өтілі болып саналатындықтан, мұғалімдер бұл әлеуметтік кепілдікке ие болу үшін 26 жыл үздіксіз мұғалім болып жұмыс істесе жеткілікті. Мұны Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұсынып отыр.

Сонымен қатар Сәуле Қабимолдаеваның айтуынша, ұстаздарға ғылыми қызметпен айналысуға шығармашылық демалыс беріледі. Мұндай демалыс уақытында мұғалімнің педагогикалық еңбек өтілі мен жалақысы сақталады және ол 5 жылда бір рет кемінде алты айға беріледі.

Сонымен қатар, педагогтарға бастапқы жарнасыз жеңілдетілген несиемен баспана алу құқығына әлеуметтік кепіл беру қарастырылған.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары