Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемендегі Назарбаев мектебіне қабылдау жүріп жатыр

Білім

Өскемендегі Назарбаев мектебіне қабылдау жүріп жатыр

Өскемендегі Назарбаев мектебіне қабылдау жүріп жатыр

қаңтардың 19-ы күні құжат қабылдау аяқталады

Бәріміз де баламыздан үміт күтеміз. «Сапалы білім алып, биік шыңдарды бағындырып, үлкен азамат болса» деп тілейміз. Ендеше баланың болашағы барлық ата-ана үшін өте маңызды. Осы орайда  Өскемендегі химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сыныбына 2019-2020 оқу жылында білім алу үшін қабылдау жүріп жатқанын құлағдар еткіміз келеді.

– Біз әрбір алтыншы сынып оқушысына Назарбаев зияткерлік мектебінде тегін білім алуға зор мүмкіндік туып тұрғанын жеткізгіміз келеді. Ертең «қабылдау болғанын естімей қалдым» деп, өкініп қалмаса дейміз. Әрбір оқушы  бағын сынап көрсе деп ойлаймыз, – деді журналистермен болған брифингте Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұпат Оралқызы Ерниязова. Айтуынша, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін мемлекет басшысының «Өркен» білім беру грантына құжат қабылдау өткен жылдың 26-шы қарашасында жарияланыпты. Ал қаңтардың 19-ы күні құжат қабылдау аяқталмақ.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды іріктеу байқауының жүйесі  Cito педагогикалық өлшеулер институты (Нидерланды), Джонс Хопкинс университеті талантты жастар орталығы (АҚШ) секілді стратегиялық әріптестермен бірлесе отырып  Ұлыбритания, Австралия, АҚШ және Нидерланды елдерінің халықаралық тәжірибесі негізінде  жасалыпты.

Іріктеу байқауының кешенді тестілеуі Зияткерлік мектептердің базасында жазбаша форматта екі күн жүргізілетін болады.

«Өркен» грантына ие болып, мектепке қабылданған оқушылар Назарбаев зияткерлік мектептерінде сапалы білім алумен қатар, тегін оқулықтармен, тегін мектеп және спорттық формалармен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, үш мезгіл тегін тамағы тағы бар. Ал өзге ауданнан келген оқушыларға тегін жатақханамен қатар,  бес мезгіл тамақпен де қамтылады.

Жалпы, химия-биология бағытындағы Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектебі  2010 жылдың 13-ші қыркүйегінде ашылған болатын. 2017 жылы мектеп CIS халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. 2012-2018 жылдар аралығында мектеп 546 түлекті ұшырса, олардың 55-і АҚШ, Венгрия, БАӘ, Оңтүстік Корея, Канада, Жапния және т.б. әлемнің үздік университеттеріне түссе, 133-і Астанадағы Назарбаев Университетінде, қалғандары  еліміздегі үздік жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болыпты.

Олай болса, бұл мүмкіндікті сіз де жіберіп алмаңыз!

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары