Біз әлеуметтік желілердеміз

Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллар болған сөмкені тауып алып, қазақстандық әйелге қайтарып берді (видео)

Оқиғалар

Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллар болған сөмкені тауып алып, иесіне қайтарып берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы CBS New York басылымына сілтеме жасап мәлімдеді. Ондағы деректерге сенсек, қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға сөмкесін желтоқсан айында метрода жоғалтып алған екен. Айя ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған көрінеді.

Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.

– Ричард – өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді, – дейді сөмкенің иесі Төлемағанбетова.

Айя ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсап, Ричард Тавернге «Алтын адамның» мүсіншесін сыйлады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары