Біз әлеуметтік желілердеміз

Пакьяо мен Мейвезер қайта жұдырықтасуы мүмкін

Спорт

Пакьяо мен Мейвезер қайта жұдырықтасуы мүмкін

Пакьяо мен Мейвезер қайта жұдырықтасуы мүмкін

Пакьяо қазіргі кезде 19 қаңтар күні Эдриэн Бронермен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатыр, 70-ші жекпе-жегі

Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо Флойд Мейвезермен қарымта кездесу өткізуге дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы боксшы Boxingscene порталына берген сұхбатында айтты. Аты аңызға айналған қос боксшы арасындағы жекпе-жек қайта өту үшін америкалыққа спортқа қайта оралу қажет көрінеді.

– Егер Флойд боксқа қайта оралса, реванш өтуі әбден мүмкін. Ол қарымта жұдырықтасуды қалайтын болса, бокс өтеді, – дейді Пакьяо.

Сонымен қатар ол, қазіргі кезде Эдриэн Бронермен өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқандығын жеткізді. 19 қаңтар күні өтетін бұл кездесу филиппиндік боксшының 70-ші жекпе-жегі болмақ.

Еске салсақ, Мэнни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасынадағы кездесу 2015 жылдың 2 мамырында өткен. Ол кезде америкалық боксшы ұпай санымен жеңіске жеткен.

Ал, Флойд Мейвезер қыркүйек айында Пакьяоға қарсы кезекті кездесуді өткізу үшін рингке оралуға дайын екендігін мәлімдеген болатын.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары