Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскемендіктер «Қар патшайымы» шоуының куәсі болды

Өскемен

Өскемендіктер «Қар патшайымы» шоуының куәсі болды

Фото: Манап Мұрзатаев

Өскемендіктер «Қар патшайымы» шоуының куәсі болды

Облыс орталығында мұндай деңгейдегі мұз айдынындағы шоу алғаш рет өткізіліп отыр

Өскемендегі Б.Александров атындағы спорт сарайында «Қар патшайымы» деп аталатын мұз айдынындағы шоу ұйымдастырылды. Салтанатты шараға құрметті қонақ ретінде мәнерлеп сырғанаудан 2002 жылғы Солт-Лейк-Сити Олимпиадасының чемпионы, ресейлік Алексей Ягудин шақырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, облыс орталығында мұндай деңгейдегі мұз айдынындағы шоулар бұрын-соңды өткізіліп көрмепті. Ауқымды шараға негізінен жергілікті мәнерлеп сырғанау мектебінің тәрбиеленушілері, барлығы 40-қа жуық балақай мен олардың бапкерлері қатысты. Бір қызығы, бұл күні спорт сарайының трибуналарына жиналған төрт мыңнан астам көрерменнің алдында өнер көрсеткен спортшылардың ең кішісі төрт-ақ жаста екен. Ал ең тәжірибелесі деп 12 жастағы Марина Майскаяны айтуға болады. Мұны шараның басы-қасында жүрген облыстық конькимен мәнерлеп сырғанау федерациясының жетекшісі Галина Романюктен білдік.

– Өскеменде осындай деңгейдегі шараны ұйымдастыру туралы ой көкейімізге былтырғы жаңа жылдық мерекеден кейін келген болатын. Сол кезде жерлестеріміздің сән-салтанатты қойылымдарға қаншалықты сусап алғанын көріп, мұз айдынында ерекше шоу ұйымдастыруға бекіндік. Біздің бастамамызға «Казцинк» компаниясы қолдау білдіріп, спорт сарайын жалға алуға және шоуға атақты Алексей Ягудиннің өзін шақыруға көмектесті. Бүгінгі қойылым көрермен қауымның көңілінен шықты деп үміттенемін, – деді ол.

Мюзикл жанрындағы «Қар патшайымы» қойылымы шынымен сәтті шыққан сияқты. Оны Спорт сарайының трибуналарын лық толтырған көрерменнің шоудан кейінгі жүздерінен байқадық.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары