Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да жаңа әуе жолдары пайда болады

Шығыс Қазақстан

ШҚО-да жаңа әуе жолдары пайда болады

ШҚО-да жаңа әуе жолдары пайда болады

Аталмыш компанияның ұшақтары келесі бағыттар бойынша ұшады:

Шығыс Қазақстан облысында жаңа әуе жолдары пайда болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде 2019 жылы субсидияланатын маршруттар тізімі бекітілді. Сондай-ақ оларды іске асыратын авиакомпаниялар да таңдалды.

Биылғы жылы SCAT авиакомпаниясы Өскемен-Қарағанды-Өскемен авиарейсін жүргізеді, билет құны бір жаққа 20 мың теңгені құрайды.

Жеңімпаз атанған компаниялардың бірі – «Южное небо». Аталмыш компанияның ұшақтары келесі бағыттар бойынша ұшады:

Астана-Үржар-Астана, бір жаққа 16 мың теңге;

Үржар-Алматы-Үржар, бір жаққа 14 мың теңге (аптасына төрт реттен кем ұшпайды);

Өскемен-Семей, бір жаққа 4000 теңге (аптасына екі реттен кем емес);

Өскемен-Үржар, бір жаққа 10 мың теңге (аптасына екі реттен кем емес);

Семей-Үржар, 10 мың теңге (аптасына екі реттен кем емес);

Өскемен-Зайсан-Өскемен, бір жаққа 8000 теңге (аптасына екі реттен кем емес).

Шығыс Қазақстандағы Үржар қазіргі уақытта ең танымал бағыттардың бірі болып саналады, себебі жақын жерде Алакөл көлі орналасқан. Айта кетерлігі, биылғы жылы облыстық билік Үржар әуежайын қайта жаңартуды бастауға уәде берді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары