Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде 10 шақты трамвай жол ортада қаз-қатар тізіліп тұр (видео)

Өскемен

Өскеменде 10 шақты трамвай жол ортада қаз-қатар тізіліп тұр (видео)

Өскеменде 10 шақты трамвай жол ортада қаз-қатар тізіліп тұр (видео)

Естеріңізде болар, жақында жолдың осы тұсындағы «зебраны» алып тастаған.

Өскеменде 10 шақты трамвай жол ортада қаз-қатар тізіліп тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Тағы да жол-көлік оқиғасы. Бұл жолы Өскеменнің өзінде, Абай даңғылында, автовокзал маңында орын алып отыр. Шетелдік маркалы бірнеше көлік жолдың қақ ортасында тұмсық түйістіріп тұр. Қақтығысқан жоқ, әйтеуір. Алайда олардың кесірінен травайлар тоқтап тұруға мәжбүр. Он шақты рельсті көлік бірінің артына бірі келіп еріксіз сап түзеуде.

Жүргізушілер түсінісі алмады ма, бәлкім. Естеріңізде болар, жақында жолдың осы тұсындағы «зебраны» алып тастаған. Жол-көлік оқиғасына осы жайт әсер еткен болуы мүмкін.

Әзірше полиция ресми мәлімдеме жасамады.

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары