Біз әлеуметтік желілердеміз

Зейнетақы шоты енді автоматты түрде ашылады

Қазақстан

Зейнетақы шоты енді автоматты түрде ашылады

Зейнетақы шоты енді автоматты түрде ашылады

Бұл туралы БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланып отыр

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсімі жеңілдетілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу үшін БЖЗҚ-ға немесе оның веб-сайты арқылы жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланып отыр.

-Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде шот Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылатын болады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады, – деп көрсетілген жарияланған ақпаратта.

Бұған дейін шот ашу жөнінде өтінішті міндетті түрде рәсімдеу қажет болатын. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы ерікті зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады.

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары