Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да 37 градусқа дейін аяз түседі

Ауа райы

ШҚО-да 37 градусқа дейін аяз түседі

ШҚО-да 37 градусқа дейін аяз түседі

Синоптиктердің болжамы бойынша

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы суытады. Бұл туралы “Қазгидромет” мәлім етті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ және тұман болады, шығысында қатты жел мен қарлы боран соғады.

Алдағы екі күнде ауа температурасы біршама жылы болмақ. Ал 11 қаңтардан бастап аяз түседі деп болжануда. Бұл күндері ШҚО-да ауа температурасы түнгі уақытта минус 30-37 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Солтүстік және орталық аймақтарда түнде минус 28-35 градус болмақ. Батыста күн аз уақытқа ғана суытып, ауа температурасы қайта көтеріледі, сондай-ақ, қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары