Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-дағы екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан

ШҚО-дағы екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Сурет: Тілеубек Шаяхмет

ШҚО-дағы екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Аудандық мәслихат депутаттары олардың кандидатураларын бірауыздан қолдады

Облыс басшысы Даниал Ахметовтің өкімімен Шемонаиха және Бородулиха аудандарына жаңа әкімдер тағайындалды. Бүгін аталған аудандарға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі жаңа басшыларды аудан активіне таныстырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шемонаиха ауданына әкім болып осыған дейін көршілес Бородулиха ауданын біршама жыл басқарган Григорий Акулов келсе, Бородулиха ауданына Ольга Булавкина тағайындалды. Ольга Александровна әкім болғанға дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары және Өскемен қаласы әкімінің орынбасары секілді жауапты қызметтерді атқарған.

Атап айтсақ, Ольга Булавкина тәуелсіздік жылдарынан бері облыста аудан басқаруға тағайындалып отырған алғашқы әйел адам.
Екі әкім де мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар қызмет еткен, өмірлік, қызметтік тәжірибелері мол шенеуніктер. Аудандық мәслихат депутаттары олардың кандидатураларын бірауыздан қолдады.

Облыс әкімі Даниал Ахметов жаңа әкімдердің қызметіне сәттілік тілеп, тапсырылган жұмысты алып кетеді деп сенім білдірді. Сонымен қатар ауылшаруашылық саласы қарқынды дамыған қос ауданды Мемлекет басшысының алға қойған міндеттемелерине орай әлеуметтік- экономикалық жағынан дамытуға, қалыптасқан мәселелерді шешуге, рейтингтік көрсеткіштерді жақсартуға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Бұдан бөлек аймақ басшысы Даниал Ахметов жоғарыда аталған аудандар активтерімен кездесу барысында облыстың өткен жылғы әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, облыстың денсаулық сақтау, білім беру саласында қолға алынған ауқымды реформалар, жаңа жобалар жөнінде айтып берді. Жиын соңында аудан тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары