Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде қаңтар айында үш жылы аялдама орнатылады

Өскемен

Өскеменде қаңтар айында үш жылы аялдама орнатылады

Өскеменде қаңтар айында үш жылы аялдама орнатылады

Қандай аялдамалар жылытылатын болды?

Жылы аялдамалардың бірі Халифа Алтай атындағы облыстық мешіттің алдында тұрғызылып жатыр. Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, құрылыс осы айдың орта кезінде аяқталады.

Қаңтардың соңына дейін тағы екі аялдама пайдалануға берілмек: «№ 44 мектеп» (ЖМК) және “Спорт сарайы”. Ал осы жылы барлығы 11 жылы аялдама салу жоспарда бар екен.

Аялдамалар түнгі уақытта автоматты түрде жабылып отырады. Мұндай жағдайда аялдамадан шығып үлгермей қалу қауіпін болдырмау мақсатында есіктер ішкі жағынан ашылады.

Сондай-ақ, жаңа аялдамаларда ұялы телефонды қуаттауға болады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары