Біз әлеуметтік желілердеміз

Риддер қаласында 51 жастағы ер адам тірідей жанып кетті

Оқиғалар

Риддер қаласында 51 жастағы ер адам тірідей жанып кетті

Риддер қаласында 51 жастағы ер адам тірідей жанып кетті

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен шыққан өртте 51 жастағы ер адам қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше кешкісін орын алды, деп хабарлайдыАлтайньюс тілшісі.

Қызыл жалынды Почтовой көшесінің тұрғындары байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқару жасағының қызметкерлері жеткенге дейін лапылдаған от біршама жерді шарпып үлгерген. Тілсіз жау жалмаған аумақ 40 шаршы метрді құрайды.

Мамандар қауіпсіздік ережелерін сақтамау себебінен осындай жағдай орын алуы мүмкін деген болжам жасауда. Қазіргі кезде өрттің шығу себеп-салдары анықталып жатыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары