Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде мүшәйра өтті

Шығыс Қазақстан

Семейде мүшәйра өтті

Семейде мүшәйра өтті

Семей қалалық Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Шығыс Жастары» қоғамдық қоры   «Бірлігі жарасқан!» атты дінаралық және конфессияаралық келісімді насихаттайтын жас ақындар мүшәйрасын өткізді. Жыр додасына Семей қаласының ЖОО мен Орта білім беретін колледж студенттері қатысты.

Мүшәйра: еліміздегі рухани қауіпсіздік – халықтың бірлігі мен ынтымағы елдің бейбіт дамуының  негіздері екенін дәріптеу, жастар арасында дін мен дәстүрдің сабақтастығын жеткізу,  жастардың қоғамдағы белсенділігі мен патриоттық көзқарастарын қалыптастыру және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Тартысқа толы жыр сайысында оза шапқан Қуаныш Еркінұлы бас жүлдені иеленді. 1-орынды Думан Қайроллаев, 2-орынды Халида Саметова, 3-орынды Еркін Омарғали жеңіп алды.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары