Біз әлеуметтік желілердеміз

Премьер-министрдің орынбасары «Силумин-Востоктің» жұмысымен танысты

Шығыс Қазақстан

Премьер-министрдің орынбасары «Силумин-Востоктің» жұмысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары «Силумин-Востоктің» жұмысымен танысты

Ел Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Өскемендегі «Силумин-Восток» кәсіпорнына барып, мұнда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан жобамен танысты.

Аталмыш инжинирингтік компания машина жасау кешендері мен электр техникаларын, сорғы қондырғылары мен өзге де нысандарға арналған блок-модульдер және тағы басқа әлемдік стандарттарға сай өнімдер өндірумен аналысады. Өндірісті автоматтандыру қазірдің өзінде жемісін беріп, еңбек өнімділігін арттыру мен энергия үнемдеуге айтарлықтай септігін тигізді. Мұны кәсіпорынның басшысы Олег Фроимчук мәлім етті.

– Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының басты міндеттерінің бірі ірі өндіріс ошақтары мен кәсіпорындардың жұмысын цифрландыру екені белгілі. Өз кезегінде бұл кәсіпорынның тиімділігін, бәсекеге қабілеттілігін және еңбек өнімділігін арттыру сияқты бүгінгі нарықтың негізгі сұраныстарын қамтамасыз етуге жол ашады. Бүгінде «Силумин-Восток» серіктестігі облыста SV-Robotech ғылыми-өндірістік кластерінің жобасын әзірлеуде. Аталған жоба технологияларды коммерциялауға және ғылыми-техникалық жаңалықтарды кәсіпорындарға енгізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ робот техникасы, электроника және ІТ саласын дамытуға бағытталған заманауи зертхана болып табылады, – деді кәсіпорын басшысы.

Осы ретте, аталған өндіріс орнының «PowerExpo» көрмесінің тұрақты қатысушысы екенін де атап өту керек. Өскемендік компанияның бұл бағыттағы соңғы жаңалықтарының бірі алтын өнімдер шығаратын фабрикаларға арналған «Цифрлы егіз» жүйесін әзірлеуі болғанын де айтқан абзал.

Кәсіпорынның жұмысымен танысқан ел Премьер-министрінің орынбасары мұнан шығарылатын өнімнің сапалылығын атап өтіп, бұл тауарлардың игілігін ең алдымен отандық өндіріс орындары көруі керектігін жеткізді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары