Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да ушығып тұрған 10 экологиялық мәселенің рейтингісі жарияланды

Экология

ШҚО-да ушығып тұрған 10 экологиялық мәселенің рейтингісі жарияланды

ШҚО-да ушығып тұрған 10 экологиялық мәселенің рейтингісі жарияланды

Экологиялық қауіпсіздік орталығы осы жылдың қортындысы бойынша облыста ушығып тұрған 10 мәселенің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Рейтинг жасау үшін халықтың көкейіндегі түйткілді мәселелер мен аталмыш орталық назар аударған жайлар есепке алынды.

  1. АВТОКӨЛІК

Автокөлік келтірер зарар уақыт өткен сайын артып барады (100 мың бірліктен астам). Мамандардың айтысынша, облыстағы қауіпті аймақ – Өскемен. Баспасөз беттерінде ашық айтылмағанымен, биыл автокөліктерге тұрғындар тарапынан көп арыз түскен. Мәселенің алдын алу үшін қалада осы жазда сынақ түрінде электробустар жүргізілген еді. Мамандар оны тиімді, зиянсыз деп тапқан. Алайда автопарктердің оны жаппай қолға алатын сыңайы жоқ секілді. Бұдан бөлек шаһарда газбен жүретін жеңіл көліктердің баяу да болса көбейіп келе жатқаны қуантады.

  1. СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ

Халықты ауызсудың ластануы алаңдатып отыр. Әсіресе су таситын көктем мезгілі мен ақпан айында Ертіс өзені әлдеқандай себеппен майланып кеткенде шағым көптеп түсті. Ертістен бөлек Марқакөл мен облыстағы өзге де ірілі-ұсақты өзендердің сапасының нашарлауына, ластануына қатысты шағымдар келіп жатыр.

  1. «МАЙ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ мен КАФЕ, КӘУАПХАНАЛАРДАН ШЫҒАТЫН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС

Май зауыты мен «Өскемен водоканал» кәсіпорны жаңа технология енгізгеннен бері жағымсыз иіске қатысты шағым сиреді. Бірақ кафе мен кәуапханалардың мәселесі әлі де сол күйінше. Десе де экологтар бұл мәселе алдағы уақытта осы тізімнен біржола шығып, оң нәтиже береді деп сендіріп отыр.

  1. ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКІ

Былтырғы рейтингте төртінші орында тұрған мәселенің биыл жетіге қарай сырғуы көңіл демейді. “ҮМЗ” АҚ  жоғары байытылған уранды төмен байытып, қайта өңдеу жобасын қолға алды.

  1. ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫНАН ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ЛАСТАНУЫ

Биыл мазутпен ластанған шалшықтарға қатысты шағымдар түскені белгілі. Әсіресе ондай шалшыққа жан-жануарлардың түсіп кеткен оқиғасы болды. Одан бөлек экологиялық маңызды жағдай күзде болған еді. «Өскемен жылыту-электр стансасы» өздерінің құрал-жабдықтарымен Защита ықшамауданындағы майлы көлшіктің көзін жойды.

  1. ЖАНУАРЛАРДЫҢ ЖЕМТІГІ

Медициналық қалдықтардың орнын алмастырған жаңа мәселе! Жазда Шығыс ауылының депутаты жол үстінде жануарлардың сүйегі мен тұрмыстық қалдықтардың шашылып жатқандығын айтқан болатын. Ал жыл соңына қарай Катонқарағай ауданында сібір жарасына қатысты үлкен мәселе шыққаны мәлім.

  1. ТРАМВАЙ мен ТРАМВАЙ ПАРКІ

Бұл мәселенің шешілетіне сыңайы көрінбейді. Жаңа вагондар келтіріліп, басшылық ауысса да…

  1. КӨГАЛДАНДЫРУ

Көгалдандыру мәселесі баяғыша «үздік» үштікте. Жүргіншілер көп жерлердеде ағаштардың шашылып жатқандығына қатысты шағым көп. Араланғаны араланып, сынғаны сынып… Қаладағы саябақтар мен сол жағалауда отырғызылған көшеттердің бүлінуі баспасөз беттерінде көтерілген болатын.

  1. АУАНЫҢ ЛАСТАНУЫ

Ресми түрде өндіріс қалдықтарын шығару азайғандығы айтылса да, мәселе бәз баяғы қалпында. Халықтың алаңдаушылығы кеміген жоқ. Автокөліктер санының артуы… Жанар жағармайлардың сапасыздығы… Одан бөлек Өскемендегі Новаторов көшесін әлдеқандай күл жауып қалғандығы бар.

  1. ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАР

Рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс төгуге қатысты шағымдар толастамай келіп жатыр. Жоғарыда айтылған сынған ағаштар, асып-тасқан контейнерлер мен «КСК-ның» һәм аула тазалаушы мекемелердің сапасыз жұмысына қатысты да арыз-шағым жетерлік. Айта кетейік, жаңа жыл басталысымен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында 15 түрлі қалдықты тастауға тиым салынады.

Ескерту. Радияциялық ластану, медициналық қалдықтар мен шалшық арналарды тазарту мәселесі биылғы экологиядық рейтингке енбей қалды

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары