Біз әлеуметтік желілердеміз

Аягөзде «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 15 пәтер қолданысқа берілді

Әлеумет

Аягөзде «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 15 пәтер қолданысқа берілді

Аягөзде «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 15 пәтер қолданысқа берілді

Биыл 980 шығысқазақстандық әскери қызметкер «aaskeri.baspana.kz порталы арқылы тұрғынүй алуға өтініш білдірген

Аягөзде «Әскери баспана» бағдарламасы бойынша 15 пәтер қолданысқа берілді. Соның бірі – Алтынбай Әсетке тиесілі. Ол Аягөз ауданындағы №31767 әскери бөлімінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Таяуда Алтынбай Әсет төрт бөлмелі пәтер алып, қоныс тойын тойлады.

Айта кетейік, биыл 980 шығысқазақстандық әскери қызметкер «aaskeri.baspana.kz порталы арқылы тұрғынүй алуға өтініш білдірген.

Оның ішінде 610-ы барлық талапқа сай деп танылып, байқаудан өтіпті. Оған республикалық бюджеттен 5 миллиард 788 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалы директорының орынбасары Айнұр Меирбаеваның айтуынша, әскери қызметкер үшін бірінші кезекте тұрғын үйге мұқтаж екендігі туралы анықтама қажет. Сонымен қатар тұрғынүй төлемдері бағыттамасын алу үшін қызмет орнындағы тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына рапорт беру керек. Бұдан соң арнайы комиссия мүшелері өтінішті қарастыратын болады.

– Тұрғын үй төлемін алушыларға банкке келу міндетті емес. Өйткені, біздің қызметкерлер клиенттің жұмыс орнына барып,арнайы шот ашуға көмектеседі. Басты мақсат – облыс халқын сапалы баспанамен қамтамасыз ету, – дейді Айнұр Меирбаева.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары