Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО бойынша «7-20-25» бағдарламасына жақында Сбербанк қосылады

Экономика

ШҚО бойынша «7-20-25» бағдарламасына жақында Сбербанк қосылады

ШҚО бойынша «7-20-25» бағдарламасына жақында Сбербанк қосылады

Өңірде бағдарламаға қатысуға 315 өтініш беріліп, оның 207-сі мақұлданған

Еліміздегі «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Алтынбековтың айтуынша, біздің облыс бағдарламаны жүзеге асыруда өзге аймақтар арасында алда келеді. Шығыс Қазақстан Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысынан кейінгі төртінші орынға жайғасқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қазір бағдарламаға Центркредит Банкі, АТФБанк, Евразиялық Банк, Халық банкі, Цесна Банк, BankRBK, ForteBank секілді жеті екінші деңгейлі банк қатысуда. Жақында олардың қатарын Сбербанк толықтырмақ, – дейді Қайрат Төреқұлұлы.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың келтірген деректеріне сүйенсек, бүгінге дейін өңірде бағдарламаға қатысуға 315 өтініш беріліп, оның 207-сі мақұлданған. Әкім орынбасарының айтуынша, облыста бағдарламаны жүзеге асырудың жан-жақты мүмкіндіктері жүзеге асырылуда.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары