Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-да терезеден кіріп тамақ ұрлаған адам қолға түсті

Оқиғалар

ШҚО-да терезеден кіріп тамақ ұрлаған адам қолға түсті

ШҚО-да терезеден кіріп тамақ ұрлаған адам қолға түсті

Тамақтану үшін үйге түскен шемонаихалық ұсталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Ол үй иелері жоқта ішке ашық қалған терезе көзінен кірген. 2 келі қарақұмық пен макарон, 3 банкі салат және тоқшәугім ұрлаған. Оған қоса күртке мен шалбар да жымқырған. Үй иесі шығынды 31 мың теңге деп бағалады, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Көп уақыт өтпей ұрлықтың беті ашылды. 33 жастағы күдікті азамат кінәсін мойындаған.

– Күдікті ұрлығын мойындады. Қылмыстық кодекстің 2-бөлім 188-бабы (ұрлық ісі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді  баспасөз хатшысы.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары