Біз әлеуметтік желілердеміз

Өскеменде «DIGITAL EAST – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» ІТ-форумы өтіп жатыр

Шығыс Қазақстан

Өскеменде «DIGITAL EAST – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» ІТ-форумы өтіп жатыр

Өскеменде «DIGITAL EAST – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» ІТ-форумы өтіп жатыр

Форум ертең Жекпе-жек сарайында жалғасады

Өскеменде «DIGITAL EAST – БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» ІТ-форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Форум аясындағы республикалық байқауға қатысушылар өзерінің ІТ саласындағы жобаларын ұсынды. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, экология, туризм, құрылыс, коммуналдық шаруашылық сынды бағыттарды қамтитын жобаларды қазылар алқасы жоғары бағалады.

Десек те, ұсынылған 33 жобаның тек 6-ы ғана грантқа ие болды, ал мектеп оқушылары мен студенттердің стартап жобалары толық қаржылай қолдау тапты. 10 стартап жобаның ішінен 3-і жүлдеге ілігіп, грантқа ұсынылған болатын. Бірақ, байқау қорытындысы шығарылған жиынға қатысқан облыс әкімі Даниал Ахметов жастардың жолын ашып, ынталандыру мақсатында барлығына да грант бөлуді ұйғарды.

Форумға жиналған ІТ саласының мамандары өзара тәжірибе алмасып, қарым-қатынас орнатты.

Жюри құрамында болған «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі Әзиза Шөжеева ұсынылған жобалардың қызықты әрі тиімді болғанын атап өтті. Олардың ішінде биыл ашылған ІТ-сыныптар оқушыларының жобалары да болды.

– Биыл облыста 277 ІТ-сынып ашылды. Мұндағы мақсат – сала мамандарын жастайынан дайындау, бағдарламашыларды, 3D-модельдеушілерді, роботты техника мамандарын сапалы оқыту, – деген аймақ басшысы келер жылы облыстағы барлық мектептерде ІТ-сыныптар ашылатынын жеткізді. Енді өңірдегі барлық оқушылардың ІТ саласы бойынша білім алуға деген мүмкіндіктері бірдей болмақ.

Жиын соңында Татарстаннан келген «Иннополис» смарт-қалашығы консорциумының жетекшісі Констанитин Соснов пен Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Форум ертең Жекпе-жек сарайында жалғаспақ.

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары