Біз әлеуметтік желілердеміз

“Алтай” екінші ойында тағы жеңілді – ӘЧ

Спорт

“Алтай” екінші ойында тағы жеңілді – ӘЧ

“Алтай” екінші ойында тағы жеңілді – ӘЧ

Ертең біздің команда топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді

Қытайдағы Әлем біріншілігінде өнер көрсетіп жатқан «Алтай» волейболшылары қатарынан екінші ойында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін бразилиялық «Прайя» командасына қарсылас атанған жерлестеріміз 0:3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Өкініштісі сол, аталған ойында алтайлықтар бірде-бір партияда өздерінің ұпайлары санын тым болмағанда 20-ға дейін жеткізе алмады. Үш кезеңдегі есеп 14:25, 16:25, 17:25 бразилиялықтардың пайдасына.

Осы ретте, «Прайямен» ойында «Алтай» сапында басқаларға қарағанда команда капитаны Сана Анарқұлова (11 ұпай) мен әзірбайжандық легионер Наталья Маммадованың (10 ұпай) қанжығалары молырақ майланғанын айта кеткен орынды.

Жұма күні біздің команда топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді. Бұл жолғы қарсылас – тайландтық «Суприм». Естеріңізге салайық, Чонбури қаласының волейболшы қыздары алтайлықтар сияқты екі ойыннан кейін нөл ұпайға ие.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары