Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейде бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кетті

Оқиғалар

Семейде бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кетті

Семейде бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кетті

Семейде бірнеше сауда дүңгіршегі жанып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін 5 желтоқсан күні 13.46 –да Семей қаласындағы М. Әуезов даңғылы 42 «Г» мекен-жайынан өрт шыққаны туралы хабар төтенше жағдай басқармасына шұғыл жетті. Осы көшеде “Смаилов” ЖК-ның сауда нүктелері, атап айтқанда №49, 50, 51, 26, 27, 28, 29 дүңгіршектері отқа оранған. Ішінде азық-түлік, сабын сияқты шаруашылық, тұрмыстық тауарлар болған.

Өрт ауданы 60 шаршы метрді жайлаған. Өртті сөндіруге 6 техника жұмылдырылды. 22 адам күш біріктірді. Қазір өрттің себебін анықтау үшін өрт сөндірушілер зертханасының мамандары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары