Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік таэквондошылар Әлем кубогынан жеті медаль әкелді

Спорт

Семейлік таэквондошылар Әлем кубогынан жеті медаль әкелді

Семейлік таэквондошылар Әлем кубогынан жеті медаль әкелді

Семейліктер Белорусь астанасы Минск қаласында таэквондодан ITF бойынша өткен Әлем кубогында жеті жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтсақ, Дамир Советхан – жекежәне командалық тульде қарсыластарынан басым түсіп, екі алтынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, Аңсар Төкенов пен Темірлан Қадыржанов та үздіктер қатарынан көрініп, алтыннан алқа тақты. Ал жеке спаррингте Диас Джанабаев пен Темірлан Қадыржанов қола медаль алды.

Бұдан бөлек, күміс медальді Еркежан Бейсенғали, Наргиз Есімжанова, Алина Джуаншиева сынды нәзікжанды спортшылар иеленді.

Айта кетейік,бұл ауқымды спорттық додаға әлемнің 10 елінен 1200-дей спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2-ші орыннан көрінді.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары