Біз әлеуметтік желілердеміз

ШҚО-дағы шахтада тағы екі адам мерт болды

Оқиғалар

ШҚО-дағы шахтада тағы екі адам мерт болды

ШҚО-дағы шахтада тағы екі адам мерт болды

Бұл аталмыш шақтада болған алғашқы  қайғылы жағдай емес

Бородулиха ауданы, Жезкент кентінде орналасқан Орлов кенішіндегі шахтада екі адам қаза тауып, бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталған кен орны KAZ Minerals тобы”Шығыстүстімет” ЖШС-ға тиесілі. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Әзірге марқұмдардың нақты қалай және неден өлгені белгісіз.

-2018 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 09:00 шамасында Орлов шахтасының 12-ші жерасты қабатында компанияның ес-түссіз жатқан үш жұмысшысы табылды. Оқиға орнына келген мамандар екі адамның қайтыс болғанын анықтады. Тағы бір жұмысшы ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы тұрақталды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Бұл аталмыш шақтада болған алғашқы  қайғылы жағдай емес.  2016 жылы үш азамат, ал 2017 жылы тағы бір жұмысшы көз жұмған болатын.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары