Біз әлеуметтік желілердеміз

Той кортежінде ауаға оқ атқан семейлік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр (видео)

Оқиғалар

Той кортежінде ауаға оқ атқан семейлік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр (видео)

Той кортежінде ауаға оқ атқан семейлік азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр (видео)

Үйлену тойының иелері кортеж көрінісін әлеуметтік желіге салса керек. Онда жол ережелерін бұзғандықтарын байқамаған. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бейнежазбаны тексеріп көріп, нәтижесінде 7 қымбат маркалы шетелдік автокөлік иелерін Орталық полиция бөліміне шақыртып, жауапқа тартты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

-Көлік кептелісі орын алмаса да, әдейі жасағаны үшін «Мерседес» автокөлігінің иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне орай 614 бап 1 бөлім бойынша хаттама толтырылып, арнайы дыбыс пайдаланғаны үшін «Лексус» көлігінің иесіне 603 бап 1 бөлім бойынша, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің жолымен жүргені үшін тағы бір «Лексус» автокөлігінің иесіне Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 596 бап 1 бөлігіне орай арнайы хаттамалар толтырылып, жауапқа тартылды,-деді Семей қалалық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Сол сияқты автомобиль ішінде отырып, ауаға оқ атқаны үшін тағы бір көлік иесінен «Retay Baron» тапаншасы тартылып алынып, ҚР ҚК 293 бап, 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Қазірде алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Елубек Оспановтың айтуы бойынша, бейнежазба инстаграм желісіне тарап кеткен.

 

 

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары