Біз әлеуметтік желілердеміз

Семейлік спортшы ел чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Спорт

Семейлік спортшы ел чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Семейлік спортшы ел чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Петропавлда қазақ күресінен ел чемпионаты өтіп жатыр

Биыл Семейдің спортшылары жерлестерін толағай жеңістерімен қуантып жүр. Кеше тағы да бір додада асығымыз алшысынан түсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Петропавлда қазақ күресінен өтіп жатқан ел чемпионатында Абай ауданы, Қарауыл ауылының тумасы Сұңғат Құмаров күміс медаль олжалап, жанкүйерлерін бір қуантып тастады. Сұңғат 66 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол финалдық кездесуде солтүстіктің намысын қорғаған Қуаныш Искаковтан ұтылып қалды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа Қазақстанның әр түкпірінен іріктеліп шыққан 300-ге тарта балуан қатысуда. Жарыс 17-ші қараша күні аяқталады.

Оқу жалғастыру
Ұқсас мақалалар...

Біз әлеуметтік желілердеміз

Танымал

Пікірлер

Жоғары